Пәкістан Талибан үкіметіне ашық соғыс жариялады

27.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Пәкістан билігі Ауғанстандағы Талибан үкіметіне ресми түрде «ашық соғыс» жариялап, Кабул, Кандагар және Пактия провинцияларындағы нысандарға әуеден жойқын соққы берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Pedro Ugarte, Pool

Geo телеарнасының хабарлауынша, Пәкістан әскери-әуе күштері Ауғанстанның Нангархар провинциясындағы нысандарға соққы жасаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ірі оқ-дәрі қоймасы жойылған. 

Кейін РИА Новости агенттігі Пәкістан тарапы Кабул қаласына, сондай-ақ Кандагар және Пактия провинцияларына да әуе соққыларын жасағанын хабарлады.

Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф ауғандық «Талибан» қозғалысын терроризмді Ауғанстан аумағынан сыртқа экспорттады деп айыптап, ашық соғыс басталғанын мәлімдеді. Dawn газетінің жазуынша, министр Ауғанстанды «Үндістанның ықпалындағы аймаққа айналды» деп атап, «сабырдың шегі таусылды» деген.

Бұған дейін Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қарулы қақтығыстар болған еді. Нангархар провинциясының Назьян ауданында екі елдің шекарашылары арасында атыс болып, кейін жағдай тұрақтанғаны хабарланған.

«Талибан» үкіметінің өкілі Пәкістанның Ауғанстанның шығыс аймақтарына жасаған әуе соққылары салдарынан 46 адам қаза тапқанын мәлімдеген. Оның айтуынша, қаза болғандардың басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Сондай-ақ алты адамның жараланғаны хабарланды.

Өз кезегінде Ауғанстан қарулы күштері бомбалау әрекеттеріне жауап ретінде Дюранд сызығы бойындағы пәкістандық күштердің нысандары мен тірек пункттеріне қарсы ауқымды әскери операция бастағанын мәлімдеді. Аймақтағы ахуал шиеленісіп, тараптар арасындағы қақтығыс жаңа кезеңге өткен.

Пәкістан астанасындағы мешітте жарылыс болып, 31 адам қаза тапты

Соңғы жаңалықтар

«Қайрат» пен «Тобыл» Астанада кездеседі

Футбол • Бүгін, 11:02

Өнер жұлдыздары жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге шақырды

Референдум • Бүгін, 10:55

Пәкістан Талибан үкіметіне «ашық соғыс» жариялады

Әлем • Бүгін, 10:42

Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Оқиға • Бүгін, 10:28

Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

Қоғам • Бүгін, 10:26

Жолаушы пойызға үлгермей қалса не істеу керек?

Қоғам • Бүгін, 10:11

Мбаппе әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

Футбол • Бүгін, 10:09

Астанада оқушылар мен студенттер сабақты онлайн оқиды

Елорда • Бүгін, 09:59

Ауа райы: Боран мен қатты аязға байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:50

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:44

Педагогикалық жоғары оқу орындарында Жасанды интеллект факультеттері ашылады

Білім • Бүгін, 09:30

«Странджа кубогі»: Бес боксшымыз ұтып, төртеуі ұтылды

Бокс • Бүгін, 09:28

Щучинсктегі дәмханада жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 09:19

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:13

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью