Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Пәкістанда тапа-тал түсте бетперде киген қарулы адамдар Хайбер-Пахтунхва провинциясының коммуналдық шаруашылық министрі Фазал Шакур Ханды ұрлап әкетті. Шенеуніктің көлігінің дөңгелектеріне оқ атып, өзін күштеп басқа көлікке отырғызған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Dawn.com-ға сілтеме жасап.
Ұрлаушылар министрдің көлігін Пәкістанның ірі қаласы әрі Хайбер-Пахтунхва провинциясының орталығы Пешаварға кіреберісте бөгеген. Шабуылдаушылар қозғалыстағы көліктің дөңгелектеріне оқ жаудырып, содан кейін шенеунік пен оның қасындағы адамдарды өз көліктеріне күштеп отырғызып, оқиға орнынан тайып тұрған. Оқиға тапа-тал түсте болған және оны куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Мәліметтерге қарағанда, шенеунік Пешаварға провинциялық парламенттің отырысына бара жатқан. Ұрланған министр мүшесі саналатын "Әділет қозғалысы" (PTI) партиясы бұл оқиғаны "конституцияға, демократияға және халық мандатына жасалған тікелей шабуыл" деп атады.
Министрдің отбасы Пешавар сотына жүгініп, құқық қорғау органдарына шенеунікті табуды міндеттеуді және тергеу бойынша арнайы комиссия құруды талап етті. Өтініш берушілер егер министр қандай да бір мемлекеттік құрылымдар немесе арнайы қызметтер тарапынан ресми айып тағылмай ұсталған болса, оны дереу сотқа жеткізіп, босату керек екенін атап өтті.
Бұған дейін Ақтөбеде жаяу жүргінші мен жүргізуші арасында болған жол үстіндегі жанжал адам ұрлаумен аяқталғаны туралы хабарланған болатын.
Жаяу жүргінші жолды белгіленген жерден өтіп бара жатып, жүргізушіге ескерту жасаған. Соңғысы өшігіп, әлгі адамның қайда тұратынын біліп, достарымен бірге оның үйіне барған. Ер адам үйінен шаруаларымен шығып, таксиге отырған кезде, жүргізуші серіктерімен бірге таксидің жолын бөгеп, жолаушыны салоннан сүйреп шығарып, Lexus көлігінің жүк салғышына салып алған. Бұл оқиға немен аяқталғаны туралы мына сілтеме арқылы оқыңыз.
Тағы оқыңыз: Өзі келісті ме, әлде мәжбүрледі ме? Шымкентте қыз алып қашу оқиғасы тергеліп жатыр
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу