24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы шекараның жабылуы екі елде негізгі азық-түлік бағасының күрт өсуіне әкелді.
Әсіресе Пәкістанда қызанақ 5 есе қымбаттады. Келісі 600 рупийге дейін, яғни шамамен 2 долларға жеткен. Бұған қос мемлекет арасындағы қақтығыстар себеп болды. Екі ел шекарасында болған қарулы қақтығыс пен Пәкістанның әуе шабуылдары салдарынан ондаған адам қаза тапты. Бұл 2021 жылы тәліптер Кабулды басып алғаннан бергі ең ірі қарулы шиеленіс.