Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Пәкістан қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, Кветта маңында әскери қызметшілер мінген арнайы пойызға миналанған автокөлікпен шабуыл жасалған.
Жексенбі күні таңертең Associated Press of Pakistan полициядағы дереккөзге сілтеме жасап, Кветта қаласында пойыз жарылысы салдарынан 16 адамның қаза тапқанын хабарлады. Кейінірек дереккөз қаза тапқандар саны 23-ке жетіп, шамамен 47 адамның жараланғанын мәлімдеді.
"Арнайы пойыз Кветтадағы әскери аймақтан теміржол станциясына бағыт алған, бортында 336-дан астам әскери қызметші болған", - дейді агенттік сұхбатшысы.
Оның айтуынша, алдын ала тергеу нәтижелері бойынша, пойыз әскери қызметшілердің отбасыларын тасымалдауға арналған жаңа вагондарды тіркеу үшін тоқтаған. Олар Құрбан айт мерекесіне орай үйлеріне қайтып бара жатқан.
Жарылысқа жауапкершілікті "Белуджистан азат ету әскері" өз мойнына алған.