Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қонақтарға кәсіпорынның өндірістік қуаты, технологиялық үдерістері және елордада шығарылатын доңғалақты броньды техника таныстырылды.
Атап айтқанда, делегация AIBAR 4x4 броньды автомобилімен танысты. Бұл санаттағы техника қазірдің өзінде Пәкістан тарапында пайдаланылып келеді. Сондай-ақ қонақтарға VN-11 жауынгерлік модулімен жабдықталған бірегей TAIMAS 8x8 жүзбелі жауынгерлік жаяу әскер машинасы көрсетілді.
Бұдан бөлек, пәкістандық тарапқа «Ураган» дүркіндеп оқ ататын реактивті жүйесін, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларды жаңғырту жобалары және радиоэлектрондық күрес саласындағы әзірлемелер таныстырылды.
Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді
Бұл сапар бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің жалғасы болды. Сол кезде BESQARU зауыты мен пәкістандық компания ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, қазақстандық доңғалақты броньды техниканы Пәкістан нарығында ілгерілетуге уағдаласқан болатын.
Кездесу барысында тараптар техниканы сатып алу және сынақтан өткізу перспективаларын, сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, техникалық қолдау және мамандарды оқыту мәселелерін талқылады.
BESQARU зауыты Астанада 2025 жылы ашылған. Қазіргі уақытта кәсіпорын базасында броньды техниканы, артиллериялық жүйелерді және радиоэлектрондық күрес кешендерін өндіру мен жаңғырту жобалары жүзеге асырылып жатыр.