Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
- Бұған дейін пәндерді біріктіру жоспары туралы айтылған болатын. Қателеспесем, алгебраны геометриямен, химияны физикамен біріктіру жоспарланған болатын. Бұл бастаманың аяғы не болды, - деп сұрады журналист.
Министр аталған өзгеріс орта жолдан тоқтатылғанын айтты.
- Иә, 2025 жылы алқа мәжілісінде үш пәнді біріктіру керек деген шешім қабылданған. Физика, химия, биология пәндерін жаратылыстану ғылымдарына, алгебра мен геометрия математикаға, дүниежүзілік тарих пен құқық негіздерін әлеуметтік ғылымдарға біріктіру керек еді. Бұл реформа тоқтатылды, - деді Жұлдыз Сүлейменова.
Ведомство басшысы іргелі ғылымдарды бөлек-бөлек оқыту керек деп есептейтінін айтты.
- Бұл мұғалімдердің жүктемесі туралы мәселе. Сондықтан біз мұғалімдер қауымдастығымен мәселені талқыладық. Талдай келіп, цифрланған әлемде балаларымыз негізгі пәндерді жақсы білуі үшін бұл реформаны тоқтаттық, - деді министр.
Еске салсақ, елімізде алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту тәртібі өзгертілген.