Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Кездесудегі жалғыз голды ойынның 2-минутында Матиас Галарса соқты.
Парагвай құрамасының жартылай қорғаушысы Мигель Альмирон Түркия ойыншысымен сөз таластыру кезінде аузын қолымен жауып сөйлегені үшін қызыл қағаз алды. Бұл ереже әлем чемпионатында қолданысқа енгізілген.
Бұған дейін Австралиядан 0:2 есебімен жеңілген Түркия құрамасы осылайша плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін жоғалтты. Ал Парагвай екі ойыннан кейін үш ұпай жинады.
Турнир кестесінде АҚШ құрамасы алты ұпаймен көш бастап тұр және әлем чемпионатының 1/16 финалына мерзімінен бұрын жолдама алды.
Келесі турда Түркия АҚШ-пен кездессе, Парагвай Австралия құрамасына қарсы ойнайды. Австралияның еншісінде де үш ұпай бар.