Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Ерлер арасында параллель могул жарысында қазақстандық Павел Колмаков бақ сынады.
Алғашқы кезекте, отандасымыз франциялық қарсыласы Артур де Виллаукурды жеңді.
Алайда, екінші кезекте Павел Олимпиада ойындарының алтын және күміс жүлдегері Микаэль Кингсбериге (Канада) жол берді.
Фото: Тұрар ҚазанғаповОсылайша, Павел Колмаков 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады.
Айта кетерлігі, бүгін 6 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, фристайл-акробатикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Олимпиада ойындары алдындағы жаттығуын бастады.