Париж әуежайларында 100 ден астам рейс ұшпай қалды

07.01.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Францияның көлік министрі Филипп Табарро CNews эфирінде Париждің Шарль де Голль және Орли әуежайлары қардың қалың түсуіне байланысты 100-ден астам рейсті тоқтатқанын мәлімдеді.

"Кеше түнде Шарль де Голль әуежайында 100-ден астам рейс және бүгін Орли әуежайында 40-қа жуық рейс тоқтатылды", - деді ол.

Телеарнаның хабарлауынша, елдің 21 департаменті қар мен көктайғақ салдарынан ауа райы қаупінің соңғы қызғылт сары деңгейін жариялады. Парижде және қала маңында автобустар, сондай-ақ кейбір пойыздар толығымен тоқтатылды.

Метеорологтар сонымен қатар елдің 38 департаментінде сары деңгей жариялады. Франция жолдарындағы кептелістің ұзындығы 1,6 мың шақырымнан асты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью