Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Спортшы Автомобиль және сән индустриясы колледжінде орналасқан № 168 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Оның айтуынша, мұндай маңызды саяси науқанда халықтың белсенді болуы мемлекет дамуы үшін маңызды.
— Бүгін сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасадым. Осындай маңызды саяси науқандарға қатысу — әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді деп ойлаймын. Әрқайсымыз мемлекетіміздің дамуына қатысты бастамаларға пікірімізді білдіріп, белсенді болуымыз қажет, — деді Назым Қызайбай.
Олимпиада чемпионы халықаралық аренада ел намысын қорғаумен қатар, қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға атсалысу — үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.
— Біз спортшылар халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғап, көк туымызды биікте желбіретуге тырысамыз. Ал ел ішінде өтетін осындай маңызды күндері азаматтық позициямызды білдіріп, таңдау жасау да маңызды деп есептеймін. Сондықтан бүгін дауыс беру мен үшін үлкен жауапкершілік, — деді ол.
Еске салайық, еліміздегі барлық учаскеде дауыс беру жүріп жатыр.