Парламент әкім сайлауына қатысты жаңа ережелер қабылдады

20.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Парламент «Қазақстан Республикасының заңнамасын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжат өткен сайлау науқандары барысында анықталған проблемалық мәселелерді ескере отырып әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түзетулер әкімшілік-аумақтық бірліктер қайта құрылған кезде сайлау комиссияларының өкілеттіктерін сақтау және ауысу мәселелерін реттеуді қарастырады. Сондай-ақ аумақтық комиссия мүшелерінің бала күтіміне байланысты демалысы немесе оқу демалысы кезеңінде олардың өкілеттіктерін уақытша тоқтата тұру және орнына уақытша адам тағайындау тетігі енгізіледі.

Бұдан бөлек, әкім лауазымына үміткерлердің жинаған дауыстары тең болған жағдайда қайта дауыс беруді өткізу тәртібі реттеледі. Сонымен бірге кандидаттарды ұсыну процесі жүйеленеді: бір адам бір уақытта мәслихат депутаттығына да, әкімдікке де түсе алмайды, сондай-ақ бірден бірнеше сайлау округі бойынша әкімдікке кандидат ретінде ұсыныла алмайды.

 Парламент «Президент туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады

Ақпараттық алаңдарда сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізген мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кандидат үгіт материалдарын өзінің интернет-ресурсында, сондай-ақ онлайн-платформалардағы парақшаларында жариялай алады. Бұл ретте кандидаттар мен саяси партияларға сайлау қорларынан тыс қаржы тартуға тыйым салынады.

Дауыс беру, дауыстарды санау немесе қорытындыны анықтау барысында Конституциялық заң нормалары бұзылған жағдайда, жекелеген сайлау учаскелерінде немесе әкімшілік-аумақтық бірліктерде сайлауды жарамсыз деп тану бойынша Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының құзыреті толықтырылды.

Бұдан бөлек, енді азаматтардың конституциялық құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету үшін үздіксіз өндірістік циклі бар ұйымдарда, сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс істейтін орындарда сайлау учаскелері құрылуы мүмкін.

Сондай-ақ дауыс беру күні толтырылған бюллетеньді фотосуретке және (немесе) видеоға түсіруге және таратуға тыйым салу ұсынылады, өйткені бұл сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізумен тең деп есептеледі.

Құрылтайдың өкілеттігі мен депутат мәртебесі заңмен бекітілді

Түзетулердің тағы бір блогы конституциялық нормаларды іске асыру мақсатында ұсынылды. Бұл ретте әңгіме Құрылтайды құру, пропорционалды жүйеге көшуге байланысты сайлау заңнамасын жетілдіру, жекелеген адамдарды лауазымға тағайындау және босату мәселелері бойынша Президент пен Құрылтай арасында өкілеттіктерді қайта бөлу, жалпыхалықтық референдум өткізу және басқа да бағыттар туралы болып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Парламент әкім сайлауына қатысты жаңа ережелер қабылдады

Парламент • Бүгін, 10:50

Алтын Орда: Ұлы дала өркениетінің алтын арқауы

Саясат • Бүгін, 10:44

Құрылтайдың өкілеттігі мен депутат мәртебесі заңмен бекітілді

Парламент • Бүгін, 10:37

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады

Оқиға • Бүгін, 10:32

Mango брендінің негізін қалаушының ұлы әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Әлем • Бүгін, 10:30

Парламент «Президент туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады

Парламент • Бүгін, 10:28

Барлыбай Садықов: Қазақстан мен Кения байланысы жаңа деңгейге көтерілмек

Саясат • Бүгін, 10:20

Мұнай нарығындағы құбылыс: Әлемдік геосаяси жағдай отандық жанармай бағасына әсер ете ме?

Экономика • Бүгін, 10:08

Пластик терезе салған: Түпқараған ауданында тарихи-мәдени мұра нысанын бүлдірген тұлға іздестіріліп жатыр

Оқиға • Бүгін, 10:02

Алматыда Beu Fest фестивалі өтеді

Қоғам • Бүгін, 09:56

«Арсенал» 22 жылдан кейін алғаш рет Англия чемпионы атанды

Футбол • Бүгін, 09:52

7 провинцияны шарпыды: Қытайдағы жойқын су тасқынынан 18 адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 09:47

Дональд Трамп ұсынған: Қазақ қызы АҚШ-тың Словениядағы төтенше елшісі болды

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Денсаулық сақтау министрлігі Эбола індетіне байланысты шұғыл ескерту жасады

Денсаулық • Бүгін, 09:35

Ұлыбритания Ормұз бұғазындағы жағдайға байланысты Ресей мұнайына салынған санкцияны жеңілдетті

Әлем • Бүгін, 09:31

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью