Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Фото: Үкімет
Үкімет есепті кезеңде негізгі бюджеттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті. Шығыстардың әлеуметтік бағыты сақталып, ұлттық жобаларды жүзеге асыру жалғасып келеді. Сондай-ақ экономикалық өсуді қолдау, халықтың табысын арттыру және мемлекеттік қаржының орнықтылығын нығайту шаралары қабылданып жатыр.
Олжас Бектенов: 2025 жылы IT экспортының көлемі 1,1 млрд долларға жетті
2025 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы тұрақты оң серпінді сақтап қалды, ІЖӨ өсімі 6,5%-ды құрады. Құндық мәнде, жалпы ішкі өнімнің артуы – 15 млрд доллар. Экономикалық өсу аясында орташа айлық жалақы 442 мың теңгеге жетті, бұл ретте жұмыссыздық деңгейі жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды. Орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасса, жұмыссыздық жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды. Еңбекақының ІЖӨ-дегі үлесі шамамен 30%-дан асты. Алдағы уақытта жұмыс осы көрсеткішті орташа әлемдік деңгейге 40% жақындатуға бағытталады.