Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алқалы жиында Мемлекет басшысы еліміз енді бір палаталы Парламентке көшетінін, бұл жерде қандай да бір пікір қайшылығы жоқ, бағыт-бағдарымыз айқын, алдағы өзгерістерге қатысты ортақ мәміле бар екенін атап өтті.
- Ол 145 адамнан, 8 комитеттен құралуы мүмкін. Парламент атауын «құрылтай» сөзімен ауыстыру да қазақтың көңіліне жағатыны сөзсіз.
Заңгер ретінде бір палаталы Парламент болғаннан заңдардың сапасы ақсайды деп ойламаймын.
Сапа оның екі палаталы, яғни Мәжіліс пен Сенаттан құралғанына емес, депутаттардың белсенді әрі сапалы жұмыс істеуіне байланысты.
Жақында Вашингтондағы АҚШ Конгресінің мәжілістері өтетін үйі Капитолийге барғанмын.
Алпауыт елдің заң шығарушы органы қалай жұмыс істейтінін көрдім. Сотта өтетін жарыссөз сияқты тартысқа толы отырысына куә болдым.
Депутаттар америкалық әріптестері сияқты халықтың қамын күйттеп, ой-пікірін тайсалмай айтып, жоғары жаққа жеткізе алғанда ғана халықтың өмір сүру сапасы жақсара түседі, - деді заңгер.