Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Франция Республикасы Сенатының Сыртқы істер, қорғаныс және қарулы күштер жөніндегі комиссиясы делегациясының басшысы Валери Буайемен кездесті. Олар ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, парламентаралық өзара іс-қимылдың келешегі мен жаңа бірлескен жобалардың басым бағыттарына тоқталды.
Кездесуде палата спикері меймандарға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Франция арасындағы сындарлы әрі стратегиялық байланысқа жоғары баға берді. Сондай-ақ ол Франция еліміздің Еуропалық одақтағы маңызды әрі сенімді серіктесі екенін айтты. М.Әшімбаев екі мемлекет арасында, ең алдымен, жоғары деңгейде тұрақты саяси диалог жолға қойылғанын да ерекше атап өтті.
«Қазақстан мен Франция екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытында берік байланыс орнатып, нақты нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Бұл – ең алдымен, жоғары деңгейдегі сындарлы саяси диалогтің нәтижесі. Кейінгі үш жылда жоғары деңгейде маңызды сапарлар ұйымдастырылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға ресми және мемлекеттік сапармен екі рет барды. Франция Президенті Эмманюэль Макрон 2023 жылы елімізге ресми сапармен келді. Сол кездесулердің нәтижесінде екіжақты қатынастар берік стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Осы орайда Сіздің бұл сапарыңыздың да маңызы жоғары. Біз екі ел арасындағы парламентаралық байланысты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз», деп Сенат төрағасы заң шығарушы органдар арасындағы байланысты жандандыру мәселесі жөнінде сөз қозғады.
Сонымен қатар М.Әшімбаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңғыру үдерістерін, республикалық референдумның қорытындысын сөз етті. Соның аясында жаңа Конституцияның қабылдануы саяси жүйені жаңғыртудың, сондай-ақ құқықтық мемлекетті нығайтудың маңызды кезеңі екенін баса айтты.
Өз кезегінде Валери Буайе парламентаралық ықпалдастықты арттырудың маңызы жөнінде айта келе, Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Сұхбат барысында екіжақты парламентаралық байланыстарды дамыту перспективалары да талқыланды. Атап айтқанда, достық топтары және Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды. Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық серіктестікті, білім беру, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы сияқты салалардағы ынтымақтастықты кеңейту тетіктері де назардан тыс қалмады. Бұған қоса Сенат төрағасы климат, су мәселелеріне қатысты күн тәртібі аясындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ жасыл экономика мен атом энергетикасы салаларындағы серіктестіктің маңызы туралы пікірін білдірді.
Соңғы жаңалықтар
Таеквондошылар әлем чемпионатында қос қола жүлде жеңіп алды
Спорт • Кеше
Қазақстанда халықаралық олимпиада жеңімпаздарына 6,5 млн теңгеге дейін төленеді
Білім • Кеше
Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше
Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
Оқиға • Кеше
Шерхан Талап жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Астанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі ашылды
Мәдениет • Кеше
Еліміздің байланыс нарығы 380 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Кеше
Қазақстан ғарышты жаңа тәсілмен зерттеуге көшеді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан чемпионатының бесінші туры қандай нәтиже көрсетті?
Футбол • Кеше
Ормуз бұғазы маңында шиеленіс күшейді: АҚШ теңіз блокадасын енгізетінін хабарлады
Әлем • Кеше
Қарағандыда шатырдан кірпіш құлап, 3 жастағы бала зардап шекті
Оқиға • Кеше
Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан • Кеше
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Форум • Кеше
Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр
Ғылым • Кеше