Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Мәжіліске киіктен шығын көріп жатқан жүздеген кәсіпкер арызданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Берік Бейсенғалиевке Қостанай және Ақтөбе облыстарының Торғай–Ырғыз өңіріндегі 116 шаруа қожалығының басшылары қол қойған ұжымдық өтініш келіп түсті.
“Бұл – жай ғана кезекті хат емес. Бұл – ата кәсіппен күн көріп отырған ауыл халқының жанайқайы, ертеңіне алаңдаған елдің дабылы. Өңір шаруаларының көкейінде бір ауыр сұрақ тұр. Мемлекет табиғатты қорғаймыз деп жүріп, сол табиғатпен біте қайнасқан адамды ұмыт қалдырған жоқ па?”- деді Бейсенғалиев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, “Алтын Дала” мемлекеттік табиғи резерваты құрылғалы бері халық бұрыннан пайдаланып келген жайылымдарынан айырылды, шабындық жерлер қысқарды. Ал киік мәселесі жағдайды ушықтырып отыр. Соның салдарынан шаруалар тапталған егістік, тозған жайылым, бүлінген шабындық пен жем-шөп тапшылығының зардабын тартып отыр. Жұқпалы ауру қаупі де бар.
“Ауылдағы жұрттың ашыныпайтып отырғаны, кей жерде киіктіңжағдайы адамнан артық болып кетті. Бұл сөз эмоция болуы мүмкін. Бірақ оның астарында халықтың шынайы күйзелісі жатыр. Біз осыны түсінуіміз керек. Мәселенің тағы бір түйіні – киіктің көші-қонмаршруттары жүйеленбеген, су инфрақұрылымы жеткіліксіз. Соның кесірінен миллиондаған киік ауылшаруашылығы алқаптарына лап қойып, шаруалардың бірнеше айлық еңбегін біркүнде жоқ қылып жатыр”,-деп атап көрсетті депутат.
Ал “Охотзоопром” мекемесі киік санын реттеуге күші жетпей жатыр. 2025 жылы 760 мың киікті реттеу жоспары болған. Соның тек 196 мыңы ғана орындалған.
“Бұл – жүйенің қазіргі ахуалға дайын емес екенін көрсетеді. Егер біз бүгін нақты шешімқабылдамасақ, ертең бұл мәселе тек ауылшаруашылығының емес, тұтас өңірдің әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан бұл мәселені жай экологиялық тақырып ретінде емес, ұлтты ққауіпсіздік пен азық-түлік қауіпсіздігі деңгейіндегі мәселе ретінде қарастыруқажет деп санаймыз”,-дейді Бейсенғалиев.
Осыған байланысты Amanat фракциясы үкіметке депутаттық сауал жолдап, мәселені шешудің нақты жолдарын ұсынды. Олар:
-киік популяциясын ғылыми негізде реттеудің нақты әрі тиімді тетіктерін енгізу;
-киіктің көші-қон маршруттарын заңнамалық тұрғыда бекітіп, тарихи мал айдау жолдарын қалпына келтіру;
-“Алтын Дала” резерватына бөлінген жерлерге тәуелсіз ғылыми және құқықтықаудит жүргізу;
-шаруалардың шығынын өтеу және зардап шеккен ауылдарға нақты қолдау көрсету;
-киік санын реттеу жұмыстарына қосымша жеке аңшылық шаруашылықтарын тарту.