Парламенттік реформа: Астанада жұмыс тобының бесінші отырысы өтеді

15.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Отырыс барысында Парламенттің кадрлық мәселелерге қатысты өкілеттіктері талқыланатын болады, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Жұмыс тобының алдыңғы отырыстарында болашақ бірпалаталы Парламенттің атауы мен өкілеттіктері, депутаттарға қойылатын біліктілік талаптары, оларды сайлау тәртібі, квоталау мәселелері, сондай-ақ жаңа бірпалаталы заң шығару органының заң шығару қызметінің негізгі қырлары қамтылған бірқатар өзекті тақырыптар қаралған болатын.

Сондай-ақ жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен жұмыс кеңесін өткізді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью