Парламенттің 90% ы қазақша сөйлейді: Депутат Мемлекеттік тіл заңнамасын жетілдіру қажет екенін айтты

04.02.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Конституциялық реформа аясында ұлттық заңдардың халықаралық келісімдерден жоғары тұруы және мемлекеттік тіл саясатын кезең-кезеңімен күшейту мәселесі көтерілді. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса бұл қадамдарды құқықтық егемендікті нығайтатын әрі ұлттық мүддені қорғауға бағытталған стратегиялық шешім деп бағалайды, деп жазады Egemen.kz.

«Ақ жол» фракциясының өкілі дамыған елдер тәжірибесіне тоқталды. Оның айтуынша, АҚШ, Германия, Франция сияқты мемлекеттерде халықаралық шарттар Конституцияға қайшы келсе, қайта қаралады немесе орындалмайды.

Ерболат Саурықов: Ата Заң зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейтеді

«Осы бап арқылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы айтқан «Осыдан отыз жыл бұрынғы халықаралық шарттарды қайта қарау керек» деген бастамасы іске асуы керек. Ескі билік үшін тиімді, халық үшін тиімсіз болған мұнай келісімдерінде кеткен есемізді қайтарып, ел қазынасын қорғауға мүмкіндік туады», деді депутат.

Қазыбек Исаның пікірінше, ұлттық заңдардың халықаралық келісімдерден жоғары тұруын бекіту елімізді құқықтық егемендігі бар, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекет ретінде күшейтеді.

Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзімге бекітіледі

«Сондықтан бұл норма уақыт талабына сай әрі стратегиялық тұрғыдан салмақты шешім», деп атап өтті ол.

Депутат мемлекеттік тіл мәселесіне де арнайы тоқталды.

«Парламентте қазақ тілі үшін менен артық күрескен ешкім жоқ. Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау жөнінде сауал көтергенімде қолдау білдірмей, қарсы шыққандар қазір тіл жайлы ақыл айтуға көшті. Бүгінде Парламенттің 90 пайызы қазақша сөйлейді, өзге этнос өкілдері де мемлекеттік тілде еркін пікір білдіріп жүр. Сондықтан Мемлекеттік тіліміз ұлтымызды ұйыстыратын мәртебесі айқын тілге айналуы қажет», деді Қазыбек Иса.

Оның айтуынша, 2024 жылы «Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілден емтихан тапсыру керек» деген норма заңға енгізілді.

Мақсат Толықбай: Жаңа Ата заңның қазақ тіліндегі нұсқасы толықтай қайта жазылды

«Бұл талап мемлекеттік қызметке орналасуда да сақталуы тиіс. Тестілеу жүйесін қайта қарап, мазмұнын толықтыру қажет. «Ақ жол» партиясы көтерген бастамалардың біртіндеп іске асып келе жатқаны соның дәлелі», деді депутат.

Депутат сөзінде қазіргі геосаяси ахуал жағдайында тіл мәселесінің қауіпсіздік факторына айналғаны да айтылған. Депутаттың пайымынша, тіл саясатына қатысты кез келген шешім байыппен, салмақты түрде қабылдануы керек. Бұл тұрақтылықты сақтаудың маңызды тетігі саналады.

Соңғы жаңалықтар

Шіріген көкөністер сатылған: Вице-министр ақтөбеліктердің шағымына жауап берді

Баға • Бүгін, 12:42

Олимпиада шығыны 5 млрд доллардан асты

Олимпиада • Бүгін, 12:38

Берн одағы Астанада бас қосады

Оқиға • Бүгін, 12:21

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту: Шаруаларға жылдық 5%-бен жеңілдетілген несие беріледі

Үкімет • Бүгін, 12:05

Алматыда қандай кітапханалар тәулік бойы жұмыс істейді?

Қоғам • Бүгін, 11:52

Ерболат Саурықов: Ата Заң зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейтеді

Қоғам • Бүгін, 11:43

675 сәтті операция: БҰҰ қазақ бітімгерлерінің қызметін жоғары бағалады

Оқиға • Бүгін, 11:40

Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзімге бекітіледі

Ата заң • Бүгін, 11:35

Заңсыз марганец өндірген қостанайлық тұрғын сотталды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:20

Мақсат Толықбай: Жаңа Ата заңның қазақ тіліндегі нұсқасы толықтай қайта жазылды

Ата заң • Бүгін, 11:10

Мемлекеттік басқару академиясында жаңа Конституцияның жобасы талқыланды  

Қоғам • Бүгін, 11:03

Ертең теледидар мен радио жұмыс істемейді

Қоғам • Бүгін, 10:58

Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау

Ата заң • Бүгін, 10:43

Бала күтімімен отырған әкелердің декрет уақыты еңбек өтіліне қосылады

Қоғам • Бүгін, 10:33

Трамп Гарвардтан 1 млр доллар көлемінде өтемақы талап етті

Әлем • Бүгін, 10:21

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью