Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Парсы шығанағындағы саяси ахуалға байланысты бұғазға байланған елдердің мұнай экспорты аз уақытта айтарлықтай қысқарып, әлемдік нарыққа елеулі әсер етіп отыр. Халықаралық сарапшылардың мәліметінше, бір айдың ішінде шығын көлемі 206 миллион баррельді құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
Kpler халықаралық аналитикалық компаниясының деректеріне сүйенсек, 2026 жылдың ақпан айында Ирак, Кувейт, Катар, Сауд Арабиясы, БАӘ және Оман елдері 469 миллион баррель мұнай экспорттаған болса, наурызда бұл көрсеткіш 263 миллион баррельге дейін төмендеген. Яғни, бір айда 206 миллион баррель немесе 44 пайыз жоғалған.
Ең үлкен құлдырау Иракта байқалып отыр. Елде экспорт көлемі 94 миллион баррельден 17 миллионға дейін төмендеп, өнім көлемі 82 пайызға қысқарған. Дәл сол секілді Кувейтте көрсеткіш 75 пайызға, Катарда 70 пайызға азайған. Сауд Арабиясында да айтарлықтай төмендеу тіркеліп, 202 миллион баррельден 133 миллион баррельге дейін түссе, БАӘ-де құлдырау 26 пайызды құраған.
Десек те өңірдегі саяси ахуал барлығына бірдей кері әсер еткен жоқ. Бұл ретте Оманда керісінше экспорт 25 миллион баррельден 29 миллион баррельге дейін өсіп, шамамен 16 пайызға артқан. Мұның басты себебі – елдің кейбір порттарының Ормұз бұғазы аумағынан тыс орналасуы болып отыр.
Экспорттың төмендеуінен болған қаржылық шығын да айтарлықтай дәрежеде. Егер 206 миллион баррель мұнайды барреліне 80 доллардан есептесек, шамамен 16,5 миллиард доллар шығын келеді. Баға 100 доллар болған жағдайда бұл көрсеткіш 20,6 миллиард долларға, ал 120 доллар болса 24,7 миллиардқа жетпек. Айта кету керек, Brent мұнайы соғысқа дейін шамамен 65 доллар болса, кейін 128 долларға дейін көтерілген, ал сәуір айының басында 96 доллар шамасында саудаланған.
Барреліне 120 доллар: Мұнай бағасы соңғы 4 жылдағы рекордты жаңартты
Бұл жағдай Қазақстан үшін де маңызды салыстырмалы сипатқа ие. Қазіргі таңда Қазақстан тәулігіне шамамен 2 миллион баррель мұнай өндіріп, жылдық көлемі 730 миллион баррельге дейін шикізат өндіреді. Демек, Парсы шығанағы елдерінде бір айда жоғалған 206 миллион баррель мұнай елдегі жылдық өндіріс көлемінің үштен біріне жуықтайды.
Нұрболат АМАНБЕК
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр
Қоғам • Бүгін, 15:54
15 сәуірде елімізде телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді
Қоғам • Бүгін, 15:22
Парсы шығанағындағы соғыстан мұнай экспорты 44 пайызға құлдыраған
Экономика • Бүгін, 15:21
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:04
«Терезе - SAFE»: Баланы терезеден құлаудан қалай қорғаймыз?
Балалар • Бүгін, 14:30
Қазақстан цифрлық қызметтер экспортын кеңейтеді
Технология • Бүгін, 14:29
11 мың шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 14:10
Үкімет • Бүгін, 13:55
Алакөл мен Балқаш туризмі: Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді
Президент • Бүгін, 13:31
Премьер-министр кейбір өңірлердегі көрсеткіштердің төмендеуіне қатысты шара қолдануды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 13:20
Екі облыста тазы тұқымын анықтауға арналған байқау өтті
Аймақтар • Бүгін, 13:02
Энергетика министрі: Жыл соңына дейін Қашағандағы жаңа зауыттың құрылысы аяқталады
Экономика • Бүгін, 13:01
3D модель және Smart Petro Hub: Болашақ инженерлер үлкен деректермен жұмыс істеуді үйренеді
Білім • Бүгін, 12:56
Наурыз айында қандай автокөліктер көп сатылды?
Қоғам • Бүгін, 12:42
Олжас Бектенов: Әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін қалыптастыру қажет
Үкімет • Бүгін, 12:38