Партиялық бағдарламасын ұсынды

09.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Съезде ЖСДП-ның дайын­дық науқанының бастал­ғаны жарияланып, партияның жиырма жылдық саяси тәжірибесі негі­зін­де қалыптасқан жаңартылған идеологиясы таныстырылды. Жаңа бағдарламаның басты тақы­рыбы – «Прогресс жолын­дағы 20 белес».

Партия төрағасы Асхат Рахим­жановтың айтуынша, бұл ЖСДП-ның құрылғанына 20 жыл толғанын әрі саяси ұйым ұсынған реформалардың жиырма нақты бағытын айқындайды.

– Жаңа Конституция қабыл­данғаннан кейін еліміз саяси дамудың жаңа кезеңіне қадам бас­ты. Ата заңда көрініс тапқан бас­тамаларды партия ұзақ жыл бойы жүйелі түрде ұсынып келді. Партия бағдарламасы – Еркін­дік, Әділдік, Ынтымақ­тастық қағидаттарына негіз­дел­ген жүйелі реформалардың нақты жоспары. Жауапты демократия дәл осы қағидаттарға сүйенуге тиіс. Біздің құжатта демократиялық реформалардың міндеттері ғана емес, онда мемлекет, экономика, әлеуметтік саланы жаңғыртудың нақты тетіктері ұсынылған. Азаматтар тек мемлекеттік билік өкілдерін сайлап қана қоймай, олардың қабылдаған шешімдерінің орын­далуын бақылап, нақты нәти­желерді талап етуі қажет, – деді ол.

Съезде әлеуметтік мәселе­лер­ге де назар аударылды. Баяндамашылар партияның сай­лауалды бағдарламасын то­лық­қанды қолдай отырып, онда айтылған біраз тармақтарға басымдық берді. Білім беру, ден­саулық сақтау және әлеу­мет­тік қорғау салаларына жұмсалатын шы­ғындарды адам капиталы мен елдің болашағына салынатын инвестиция ретінде қарас­тыруы қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ партияның экономиканы демонополияландыруды, отандық өндірісті қолдауды, ауыл шаруашылығын дамытуды, шартты жер үлестері иелерінің (пайшылар) құқықтарын қал­пына келтіруді, жеке қосалқы шаруа­­шы­­лықтардың құқықтық мәртебесін заңнамалық тұрғы­дан бекітуді және табиғи ресурс­тарды пайдаланудан түсетін табысты әділ бөлуді қолдайтыны айтылды.

Басқосу қорытындысында партия басшылығы ЖСДП сай­лауал­ды бағдарламасының қуат­­ты, заманауи саяси көз­қарас­пен және елдің дамуына үлес қосуға бағытталған нақты страте­гиямен өз тарихының жаңа кезеңіне қадам басқанын мәлімдеді.

– Біздің партия тарапынан ұсынылған үміткерлердің барлығы қоғамның сұранысын жақсы білетін әрі сезінетін азаматтар. Олар елдегі социал-демо­кратиялық идеялардың өмір­шеңдігін нақты істерімен дәлелдеді. ЖСДП халық билігі институттарын одан әрі дамытуды, әділ саяси бәсекелестікті қам­тамасыз етуді, тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыруды, жер­гілікті өзін-өзі басқаруды күшей­туді және азаматтардың конституциялық құқықтарының іс жүзінде толық жүзеге асырылуына кепілдік беруді қолдайды, – деп сөзін түйіндеді партия төрағасы.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью