Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Армения үкіметі жаңа шақырылымдағы парламенттің жұмысын бастауына байланысты 2 тамызда отставкаға кетеді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бұл біздің үкіметтің соңғы отырысы. Тоғызыншы шақырылымдағы Ұлттық жиналыстың құрылуына байланысты Конституцияға сәйкес біз отставкаға кетеміз", - деді Пашинян үкімет отырысында.
Әңгіме ел Конституциясында қарастырылған процедура туралы болып отыр. Сегізінші шақырылымдағы парламенттің өкілеттігі шілде айының соңында аяқталады, ал Ұлттық жиналыстың жаңа құрамының алғашқы отырысы 2 тамызда өтеді.
Қазіргі министрлер кабинеті отставкаға кеткеннен кейін Армения президенті парламенттік көпшілік ұсынған кандидатты премьер-министр етіп тағайындауы тиіс. Бұл лауазымға қайтадан Никол Пашинян келеді деп күтіледі, өйткені оның "Азаматтық келісім" партиясы жаңа парламенттегі орындардың көпшілігіне ие болды.
7 маусымда өткен Армениядағы парламенттік сайлаудың қорытындысы бойынша, биліктегі "Азаматтық келісім" партиясы 49,74 пайыз дауыс (64 мандат), миллиардер Самвел Карапетянның "Қуатты Армения" партиясы 23,27 пайыз (29 мандат), экс-президент Роберт Кочарянның "Армения" альянсы - 9,92 пайыз (12 мандат) жинады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу