Пашинян екі жылдан кейін Лукашенконың ешкімге керек емес армяндар туралы сөзіне жауап берді

31.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Беларусь президенті Александр Лукашенконың 2024 жылы айтқан "армяндар ешкімге керек емес" деген сөзін сынға алды. Ол бұл мәлімдемені Еуропалық Одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАӨО) арасындағы таңдау туралы айта келе еске түсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Panorama.am сайтына сілтеме жасап.

"Неліктен бізді үнемі "нашар серіктес" ретінде қарастырады? Армения Республикасы кімге және не жамандық істеді де, Беларусь президенті: "Армения кімге керек?" деп мәлімдеді? Егемен ел туралы бұлай қалай айтуға болады?" – деп наразылық білдірді Пашинян.

Ол Арменияның "Қытайға, АҚШ-қа, ЕО-ға, Иранға, Грузияға, Францияға, Польшаға, Германияға, Ұлыбританияға керек" екеніне сенім білдірді – бұл серіктестердің барлығы Арменияның өзіне де дәл солай қажет.

Пашинян Арменияның Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Франция және басқа да көптеген елмен стратегиялық серіктестік туралы құжаттарға қол қойғанын еске салды. Ол бұрын-соңды елдің мұншалықты көп серіктесі болмағанын атап өтті.

"Мәскеу мәселені дәл осыдан көріп отыр: қарым-қатынас не эксклюзивті болуы керек, не мүлдем болмауы тиіс. Біз мұндай ұстанымды қабылдамаймыз", – деді Армения үкіметінің басшысы.

2024 жылдың тамызында Лукашенко Ереванның саяси бағытын сынға алған болатын. Сол кезде ол Беларусті "айла-шарғы жасап", "Ресейден бірдеңе алғысы келетін, бірақ қарымтасына ештеңе бермейтін" басқа посткеңестік мемлекеттерге қарсы қойған еді.

"Сіздер Арменияның саясатын да көріп отырсыздар. Бұл не қылған саясат? Армяндар бізден басқа кімге керек? Олар ешкімге де керек емес. Экономикасын дамытып, қолда бар мүмкіндіктеріне сүйенсін. Қандай Франция? Қандай Макрон? Ертең Макрон болмайды, сосын бұл Арменияны бәрі ұмытады", – деп мәлімдеген еді Лукашенко.

Осы жылы мамырда Беларусь лидері Пашинянды ЕО-мен жақындасудың экономикалық тиімділігі туралы уәде беріп, "өз халқына өтірік айтты" деп айыптады. Ол газдың өзі республика үшін ресейлік отыннан 5-6 есе қымбатқа түсетінін алға тартты.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью