Пәтер айырбастаймын деп 17 адамды сан соқтырған күдікті әйел ұсталды

10.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: istockphoto.com

Полицияның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің өзіне тиесілі үш бөлмелі пәтерді ауданы кіші тұрғын үйге үстеме ақымен айырбастау туралы хабарландырулар жариялағаны анықталған.

Қызығушылық танытқан азаматтарға ол мәміленің тиімді шарттарын ұсынып, үстеме ақы ретінде ақша алған. Алайда қаражатты қолына алғаннан кейін байланысқа шықпай, өз міндеттемелерін орындамаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2025 жылдың соңынан бері күдікті осындай жолмен Ақтөбенің 17 тұрғынын алдап үлгерген. Иемденген ақшаны ол жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің өзге де осыған ұқсас заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеруде.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью