Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қостанайдың арбаға таңылған тұрғыны көптен күткен пәтеріне қол жеткізді, оның айтуынша, алайда жаңа үйдегі кедергісіз орта тек қағаз жүзінде болып шықты. Қауіпсіз кіреберістің орнына салынған тік еңіс қазірдің өзінде қиындық тудырып жатыр, ал қыста бұл нағыз сынаққа айналуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанайлық Азамат Елемесов жаңа пәтеріне биыл наурызда көшіп келген. I топтағы мүгедектігі бар ер адам баспананы жеңілдетілген ипотека арқылы алған.
Бірақ қоныстой қуанышы ұзаққа созылмады: оның айтуынша, кіреберістегі кедергісіз жол қауіпті болып шыққан. Тік еңістің кесірінен өз бетінше көтеріліп-түсу үлкен күшті талап етеді, ал мүгедектігі бар көптеген адам үшін бұл мүлдем өтпес кедергіге айналуы мүмкін.
@kst_pulse_media Қостанай тұрғыны, арбаға таңылған Азамат Елемесов пандусы жоқ үйден пәтер алды. Кіреберіс пен тротуардың бәрі – еңіс. Тұрғындар көктайғақта бұл жер қауіпті сырғанаққа айнала ма деп қорқады. #қазақстан #қостанай #пандус ♬ түпнұсқа дыбыс - kst_pulse_media
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жүгінген едім, олар жобада мұнда тұтқалар қарастырылмағанын айтты. Көтерілетін жер осыншама биік бола тұра, қалайша қарастырылмаған? Қыс келіп, бәрін мұз басқанда кіреберіске қалай кіремін? Көктемде жалғыз өзім көтеріле алмай қалған кездер болды. Қазір жаздың өзінде артық кетіп, жолға түсіп кетемін бе деп қорқамын, егер көлік жүріп жатса, мені қағып кетуі мүмкін", - дейді Азамат Елемесов.
Бұдан бөлек, тұрғындар үйде тұтқалардың жетіспейтініне шағымданды. Бұл қарттар, мүгедектігі бар адамдар және өзге де жүріп-тұруы шектелген тұрғындар үшін қиындық тудырып, қауіпті арттырады дейді олар.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Тілдер қалай жойылып кетеді және қазақ тілі алдында қандай сын-қатерлер бар?
03 тамыз 14:15 1
Қазақстандық құтқарушылар арнайы жарақталған Land Cruiser мінеді: ол туралы не белгілі?
Бүгін 08:10 1
Кіреберіс есікке барар жолдан бөлек, тротуар да сұрақ тудырады. Онымен де үнемі еңіспен жүруге тура келеді. Бұл тек мүгедектігі бар жандардың ғана емес, арба сүйреткен аналардың да мәселесі.
"Еңіс тротуармен жүргенде, арба автоматты түрде бүйірге қарай қисая береді. Ертең қыс түскенде мен оған шыға алмаймын, оған шамам жетпейді. Үйде менен басқа да мүгедектер арбасын пайдаланатын жандар тұрады", - деп атап өтті Азамат Елемесов.
Әкімдік Tengrinews.kz редакциясының сауалына берген жауабында "Береке" шағынауданындағы №15 үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы 2021 жылғы шілдеде ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғанын хабарлады.
"Аталған жобалық кіреберіс тобы пандус емес, бұл құрылыс тұрғын үйге кіру үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ететін көтерілу жолы және барлық нормативтік талаптарға сәйкес келеді. Норматив бойынша қоршауларды биіктік айырмашылығы 0,45 метрден асқан жағдайда орнату қажет", - деп жауап берді Қостанай әкімдігі.
Сондай-ақ әкімдік үйдегі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген мердігермен сөйлескеннен кейін, бір жағынан тұтқалар орнату туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
Фото Tengrinews.kz
Жергілікті тұрғындар қауіпті кедергісіз ортаны ғана емес, құрылыстың сапасыздығы туралы да мәселені бірінші рет көтеріп отырған жоқ.
"Жаңбыр жауғанда шатырдан су ағады, ал су бұру жүйесінің тиімсіздігінен жертөлені су басады. Ылғалдылықтың жоғары болуынан кейбір пәтерлерде зең мен сыз пайда болды, ал линолеум астындағы едендер су болып жатыр. Барлық үш кіреберістің есік топтары нашар күйде: есіктер дұрыс жабылмайды", - дейді Қостанай тұрғыны Юлия Кан.
@kst_pulse_media Береке шағын ауданындағы № 15 үйдің тұрғындары жұртшылық пен құзырлы органдарға үндеу жолдап, үйдегі қордаланған көптеген мәселелерге назар аударуды сұрайды. Тұрғындардың айтуынша, жаңбыр кезінде шатырдан су ағып, су бұру жүйесінің тиімсіздігінен жертөлені су басады. Жоғары ылғалдылықтың салдарынан кейбір пәтерлерде зең мен сыз пайда болған, ал линолеум астындағы едендер сулануда. Барлық үш кіреберістің есік топтары қанағаттанғысыз жағдайда: есіктер дұрыс жабылмайды, көбіне ашық қалып, үйді жауын-шашын мен суықтан қорғауды қамтамасыз етпейді. #қазақстан #қостанай ♬ түпнұсқа дыбыс - kst_pulse_media
Бұған дейін Ақтаудағы жаңа үйден пәтер алған жетім балалар мен мүгедектігі бар жандардың коммуналдық мәселеге тап болғаны туралы жазған едік - ғимаратта бірнеше ай бойы ыстық және суық су болмаған. Сондай-ақ тұрғындар жаңбырдан кейін ауланы су басатынына шағымданған еді. Әкімдік бұл жағдайды су құбырындағы қосымша жұмыстардың қажеттілігімен түсіндіріп, мәселені шешуге уәде берді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу