Пәтер іздеп жүріп, алаяқтың тұзағына түсіп қалмаңыз

14.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

— Әсіресе әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және түрлі хабарландыру сайттарында жарияланған: «Бағасы өте арзан», «Шұғыл жалға беріледі», «Иесі шетелде/қалада жоқ», «Қазір бронь жасамасаңыз, басқа адам алып қояды» деген хабарламалар — алаяқтардың ең көп қолданатын айла-тәсілдері, — дейді тәртіп сақшылары.

Алаяқтар қалай әрекет етеді?

Олар өздерін пәтер иесі ретінде таныстырып, сенімге кіреді. Кейін пәтерді көрсетпей-ақ, құжаттарды сылтауратып, «кепіл ақы», «алдын ала төлем», «бронь үшін» деген желеумен ақша аударуды талап етеді.

Ақша аударылғаннан кейін телефон сөндіріледі, хабарламалар жауапсыз қалады, ал «пәтер» мүлде жоқ немесе бөтен адамға тиесілі болып шығады.

Өзіңізді қалай қорғауға болады?

Абай облыстық ПД атап өткендей, қауіпсіздік — өз қолыңызда! Пәтерді көзбен көрмей, ешқашан ақша аудармаңыз.

— Пәтер иесінің жеке куәлігін және меншік құқығын растайтын құжаттарын тексеріңіз. Міндетті түрде жазбаша келісімшарт жасаңыз. Келісімшартсыз, құжатсыз уәделерге сенбеңіз. Егер сізді асықтырып, қысым көрсетсе — бұл алаяқтықтың айқын белгісі, — дейді облыстық ПД.

Мынадай сөздерге ешқашан сенбеңіз:

«Қазір аудармасаңыз, басқа адам алып қояды» «Құжатты кейін жіберемін» «Тек онлайн рәсімдейміз, бәрі заңды» «Мен риелтормын, сенсеңіз болды»

Абай облысының Полиция департаменті барлық азаматты барынша сақ болуға шақырады. Күдікті жағдай туындаса немесе алаяқтыққа тап болсаңыз — дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Бұдан бұрын Қазақстанда мобильді алаяқтыққа қарсы шаралар күшейтілгенін жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью