Пәтер жалдап тұрады... : Журналист Қыз Жібектің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді (видео)

06.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Тележүргізуші Дана Нұржігіт актриса Меруерт Өтекешованың Майя Бекбаеваға берген сұхбатына қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Журналист актрисаның қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді. 

«Меруерт Өтекешова - Қыз Жібектің Майяға  берген сұқбатын көріп, жүрегім қарс айырылды! Интеллигенция туралы айтқан сөзім Меруерттей апамыз сияқты адамдар! Жаным,апам-ау! Сұлу келбет, нәзік болмысыңызға Аллам қаншама асыл қасиетті үйіп берсе, сынақты да аямай төккен екен-ау! Меруерт апамыздың қарапайым тіршілік кешіп жүргенін іштей сезетінмін. Бірақ, үй ішімен Астанада пәтер жалдап тұратыны үш ұйықтасам түсіме кірмейтін, ақылға сыймайтын әділетсіздік. Бұл сұқбат болмаса, ол айтпас та еді-ау айналайын! Сондықтан Баянның ай сайын жасаймын деген қаржылай көмегі бұл мәселенің бергі жағы ғана екен” – дейді тележүргізуші.

Дана Нұржігіт актрисаның өнерге сіңірген еңбегі зор екенін айтты. Сонымен қатар Меруерт Өтекешованың «Қыз Жібек» фильмін сақтап қалудағы еңбегін нағыз ерлікке балады.

“Горбочевтың заманында қор ашып, бір тиынын шашпай “Қыз Жібек” фильмін Мәскеудегі “Белые столбы” -“Мосфильм архивінен қайта жаздыртып, пойызбен алып келіп, үйінде сақтап, елге жеткізген ерлігін айтсаңызшы! Ал Астанада жас жұбайлар отбасылық өмірді әдемі рәсіммен бастайтын Қыз-Жібек пен Төлегенге қойылуы тиіс ескерткіш туралы идеясы қандай тамаша!” – дейді журналист.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью