Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Астана қаласының прокуратурасы «Qyran» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді екі рет сату фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жіберді.
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілердің құрылыс компаниясының қызметкерлері екені анықталды. Олар «International Invest Company IIC» ЖШС атынан азаматтарға жылжымайтын мүлікті сату құқығын растайтын макеттер, техникалық паспорттар мен құжаттарды көрсетіп, пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және тұрақ орындарын нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынған.
Алайда сатып алу-сату шарттарының орнына мемлекеттік тіркеуге жатпайтын брондау шарттарын, кепілге беру келісімдерін және алдын ала шарттарды рәсімдеген. Алданған азаматтар ақшаны күдіктілердің жеке шоттарына аударып немесе қолма-қол төлем жасаған.
Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде келтірілген шығын көлемі 8 млрд теңгеден асты. Соттың санкциясымен жалпы сомасы 7,4 млрд теңгені құрайтын жылжымайтын және жылжымалы мүлікке тыйым салынды.
Үш күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылса, төртіншісі кепілмен босатылды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.
Бүгін, 15:08