Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Балжан Бақытқалиқызы,
салық маманы:
– Көп адам пәтерін жалға беру мақсатында міндетті түрде жеке кәсіпкерлік ашып, тіркеу керек деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде олай емес. Қазақстан заңнамасы азаматтарға пәтерін жалға беріп, табыс табуға мүмкіндік береді және оған міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелу талап етілмейді. Алайда бұл жерде бір маңызды шарт бар. Егер жалға беруден түсетін табыс белгілі бір мөлшерден аспаса, адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде жұмыс істей алады.
Мысалы, жалға беруден түсетін табыс 1,3 млн теңгеден аспауы керек. Егер табыс осы сомадан жоғары болмаса, азамат өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде тіркеліп, пәтерін заңды түрде жалға бере алады. Мұндай жағдайда адамның басқа жұмысы бар ма, жоқ па – ол маңызды емес. Яғни сіз жеке кәсіпкер болмасаңыз да, белгілі бір компанияда жұмыс істесеңіз де, тіпті мемлекеттік қызметте жүрсеңіз де, пәтеріңізді жалға беріп, табыс табуға құқығыңыз бар.
Заң пәтер санына да нақты шектеу қоймайды. Ең бастысы – жалға беруден түсетін табыс белгіленген шектен аспауға тиіс әрі табыс ресми түрде рәсімделуі керек. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жалға алу төлемін қабылдаған кезде E-Salyq Business қосымшасы арқылы фискалды чек береді. Сол чек берілген сәттен бастап адамның табысы тіркеледі. Бұл жерде тағы бір жеңілдік бар. Егер азамат өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде жұмыс істесе, оған қосымша декларация тапсырудың қажеті жоқ. Себебі фискалды чек соғылған кезде табыс автоматты түрде есепке алынады.
Ал төленетін салық мөлшеріне келсек, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар табысының 4%-ын төлейді. Мысалы, жалға алу ақшасы қаңтар айында қабылданса, сол табыстан есептелген 4% салықты ақпанның 25-іне дейін төлеу керек. Бұл 4% төлемнің өзі бірнеше бағытқа бөлінеді. Оның бір бөлігі міндетті зейнетақы жарнасына, бір бөлігі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасына, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарға, міндетті медициналық сақтандыруға жіберіледі. Ал егер пәтер иесі зейнеткер болса, онда ол әлеуметтік төлемдерден босатылады. Бұл жағдайда тек табыс мөлшері белгіленген шектен аспағаны ғана маңызды.
Айта кететін тағы бір маңызды мәселе, пәтерді жасырын түрде жалға беру – заң бұзу. Егер адам үйін тіркемей, табысын көрсетпей жалға берсе, оған 43 мың теңгеден 65 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Сондықтан тұрғын үйді жалға беру кезінде барлық рәсімді заң аясында жүргізген дұрыс.
Жалға беру кезінде тағы бір маңызды жайт – екі тараптың арасында келісімшарт жасалғаны дұрыс. Бұл құжат пәтер иесі мен жалға алушының құқықтарын қорғауға көмектеседі. Дегенмен мұндай келісімшартты міндетті түрде нотариус арқылы рәсімдеу талап етілмейді. Сонымен қатар пәтер иесі жалға алушыны өз үйіне тіркеуі керек. Бұл – заң талаптарының бірі. Осы арқылы жалға алушының нақты сол мекенжайда тұратыны ресми түрде белгіленеді.
Қазір елімізде тұрғын үйді жалға беру – кең тараған табыс көздерінің бірі. Ресми дерек бо-йынша, елде пәтер жалдаудың орташа бағасы 1 шаршы метр үшін 3 417 теңгені құрайды. Қалаларда айырмашылық айтарлықтай. Мысалы, ең қымбат жалға беру нарығы Алматыда тіркелген. Бұл қалада бір бөлмелі пәтердің орташа бағасы шамамен 220 мың теңге. Астанада мұндай пәтерді шамамен 200 мың теңгеге жалдауға болады. Ал ең төмен бағалардың бірі – Тараз қаласында, онда бір бөлмелі пәтерді шамамен 85 мың теңгеге табуға болады.
Дайындаған –
Елігімай ТӨҢКЕР,
«Egemen Qazaqstan»
Соңғы жаңалықтар
Бауырлас елмен байсалды байланыс
Саясат • Бүгін, 08:05
Аймақтар • Бүгін, 08:00
Ұлттық рейтинг жүйесі құрылады
Саясат • Бүгін, 07:55
Ұзақмерзімді дамудың құқықтық негізі
Саясат • Бүгін, 07:50
Іргелі инфрақұрылыммен жан-жақты танысты
Саясат • Бүгін, 07:45
Астанада мектеп аумағында жанжалдасқандар жауапкершілікке тартылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Боксшы Нұрбек Оралбай жаңа салмақ дәрежесіне ауысты
Бокс • Кеше
«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды
Қазақстан • Кеше
Ұлттық Банк АҚШ Сауда палатасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады
Банк • Кеше
ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды
Аймақтар • Кеше
Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады
Президент • Кеше
Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды
Спорт • Кеше
Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді
Шаруашылық • Кеше
Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті
Үкімет • Кеше