Пәтерді уақытында босатпаған: жалға алушы мен иесі арасындағы жанжал

28.10.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Елордада жалға алған пәтерін босатпай, үй иесін ұрып-соққан ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полиция қызметкерлері 22 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Тексеру барысында күдіктінің пәтерді жалға алып, оны уақытында босатпағанын анықтады. Пәтер иесімен туындаған жанжал барысында ол әйелге дене жарақатын салып, оның ар-намысына тиетін былапыт сөздер айтқан.

– Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар  былапыт сөздер айту арқылы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен ер адам 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью