Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Әлеуметтік желілерде «пәтердің техникалық паспорты енді болмайды» деген мазмұндағы жазбалар тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мұны жай қауесет деп атап, құжаттың қолданыста қала беретінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Сурет ЖИ көмегімен жасалған
Рас, соңғы жылдары техпаспорттың форматы мен атауына қатысты өзгерістер болды. Бірақ бұл меншік иелеріне қосымша міндет жүктемейді.
Бұған дейін техникалық паспорт бірнеше мәрте жаңартылған. Әуелі құжаттан иесінің аты-жөні алынып тасталды. 2007 жылдан бастап балкон мен лоджия пәтердің жалпы аумағына есептеле бастады.
Ал 2023 жылдан бері техникалық паспорт «кадастрлық паспорт» деп аталады. Қазір бұл құжат жаңа салынған нысандарға немесе техпаспорт жаңартылған кезде беріледі. Соған қарамастан, бұрын берілген барлық техникалық паспорттар заңды күшін сақтайды. Оларды міндетті түрде ауыстыру қажет емес.
Атауы өзгергенімен құжаттың мәні сол күйі қалды. Техпаспортта тұрғын үйдің барлық негізгі техникалық деректері көрсетіледі: мекенжайы, тіркеу коды, кадастрлық нөмірі, салынған жылы, қабат саны, жалпы және тұрғын аумағы, бөлмелердің саны мен көлемі мен қабырға материалы. Бұдан бөлек, пәтердің жоспар-схемасы мен барлық үй-жайлар көрсетілген кесте қоса беріледі.
Техпаспорт – кез келген мәміле үшін қажет негізгі құжат. Сатып алу-сату, ипотека рәсімдеу немесе сыйға тарту кезінде онсыз келісім жасалмайды. Сондықтан құжаттағы мәліметтер пәтердің нақты жағдайымен сәйкес болуы шарт.
Құжатты жаңарту мынадай жағдайда керек: егер қайта жоспарлау жасалса, деректерде қате табылса, пәтер бөлінсе немесе біріктірілсе және ипотекалық мәміле алдында банк талап қойса. Ал пәтерге өзгеріс енгізілмесе әрі ипотека жоспарланбаса техпаспортты ауыстырудың қажеті жоқ.
Жаңарту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе eGov порталы арқылы өтініш беруге болады. Алдымен нысанға техникалық тексеру жүргізіледі. Маманды шақырудың бастапқы құны 4 617 теңге, ал қалған төлем пәтердің көлемі мен күрделілігіне байланысты есептеледі. Дайын құжатты ХҚКО-дан немесе eGov-тағы жеке кабинеттен алуға мүмкіндік бар.
Қысқасы, техпаспорт жойылған жоқ. Бұрын берілген құжаттар жарамды. Ең бастысы – ондағы мәліметтер пәтердің нақты күйіне сай болуы керек. Ал жаңарту тек нақты қажеттілік туған жағдайда ғана жасалады.
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов: Азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылады
Үкімет • Бүгін, 10:48
9 ірі жоба толық іске қосылғанда өндіріс көлемі еселеп артады
Өндіріс • Бүгін, 10:38
Блогердің жазбасынан кейін Рудный ауруханасына жоспардан тыс тексеру басталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:35
Түркістан облысында заңсыз темекі өндірген 3 жасырын цех анықталды
Аймақтар • Бүгін, 10:18
Отандық су үнемдеу технологиясы: Ғалымдар әзірлеген құрылғылар нарыққа қашан шығады?
Қоғам • Бүгін, 10:04
Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Тет мерекесімен құттықтады
Президент • Бүгін, 10:02
«Burger King-тегі» дау: Еңбек министрлігі тексеруді бастады
Қоғам • Бүгін, 09:53
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:43
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:32
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Қысқы спорт • Бүгін, 09:20
Павлодарда әскерден босатуға уәде беріп, миллиондарды жымқырған офицер жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 09:13
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:01
Елорданың жетістіктері – ел дамуының көрсеткіші
Елорда • Бүгін, 08:55
Берік Уәли: Өңірдегі өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді
Аймақтар • Бүгін, 08:50