Патриотизм, киберспорт, технология: Онлайн марафонда қоғам үшін өзекті тақырыптар талқыланды

15.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Республикалық референдум аясында ұйымдастырылған «Референдум – 2026» онлайн марафоны барлық саладан сарапшылар мен мамандардың басын қосып, еркін пікір алмасуына мүмкіндік жасаған алаң болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Инновация алаңында отандық өнертапқыштардың жаңа технологиялық жобалары таныстырылды. Соның бірі – жасанды интеллект негізінде қазақ тіліндегі автоматты сурдоаударманың жаңа моделін әзірлеген Нұрзада Амангелдінің жобасы. Бұл технология есту қабілеті шектеулі азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Ал, жас ғалым Айбек Ниетқалиев − инсульт салдарынан қозғалу қабілеті шектелген адамдарға арналған экзоскелет құрылғысын таныстырды. Бұл технология қол-аяқ қимылы шектелген азаматтардың қайта қозғалуына көмектесіп, оларды күнделікті өмірге бейімделуге бағытталған.

Референдумда дауыс бергендер саны 9 миллионнан асты

Инновациялық жобалардың қатарында кеншілердің қауіпсіздігін күшейтуге арналған «Mainsafe» смарт-қолғабы да ұсынылды. Құрылғы шахта жағдайында жұмыс істейтін мамандардың қозғалысын бақылауға, қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтауға және өндірістік қауіпсіздікті күшейтуге мүмкіндік береді. Мұндай технологиялар тау-кен өндірісіндегі еңбек қауіпсіздігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Онлайн марафонға қонақ ретінде «Томирис» арнайы жасағының өкілдері қатысып, халықаралық жарыстардағы тәжірибелерімен бөлісті. Айта кету керек, бұл жасақ UAE SWAT Challenge халықаралық турнирінде әйелдер командалары арасында жоғары нәтиже көрсеткен.

Түркияда білім алып жатқан қазақ жастары референдумға белсенді қатысты

Марафонның дискуссия алаңында қоғам үшін өзекті тақырыптар талқыланды. Соның бірі – «Киберспорт – спорт па, тәуелділік пе?» мәселесі. Бүгінде киберспорт пен гейминг жас буынның басты қызығушылықтарының біріне айналып отыр.

«Қазспортинвест» АҚ жанындағы «Болашақ ойындары» турнирін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі дирекцияның спорттық ойындар бөлімінің басшысы Ержан Шакеев киберспорт индустриясының даму перспективаларына тоқталып, бүгінгі таңда киберспорт тек ойын емес, кәсіби дайындықты, стратегиялық ойлауды және командалық үйлесімді талап ететін жаңа бағытқа айналып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жастардың бұл саламен дұрыс әрі жауапкершілік пен айналысуына жағдай жасау маңызды.

Сонымен қатар марафон барысында «Патриотизмді қалай өлшейміз?» тақырыбында пікірталас өтті. Дискуссия барысында елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершіліктің қазіргі қоғамдағы маңызы, патриотизмді қалыптастыру жолдары және оның күнделікті өмірдегі көрінісі талқыланды.

Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Қазақстанның көк паспорты ел абыройымен жауапкершілігінің белгісі екенін атап өтті.

Марафон өтіп жатқан Наурызнама онкүндігінің бірі – Қайырымдылық күні аясында «Қайырымды жан» номинациясының жеңімпаздары марапатталды.

Онлайн марафон аясында Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы жанындағы пресс-орталық референдумның өту барысы туралы ресми ақпараттарды тұрақты түрде таратты.

Соңғы жаңалықтар

Референдум күні Алматыда 44 сәби дүниеге келді

Референдум • Бүгін, 21:31

Алматыда Тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының алдын ала қорытынды брифингі өтті

Референдум • Бүгін, 21:20

Байқаушылар: Референдум барысында заңбұзушылықтар тіркелген жоқ

Референдум • Бүгін, 21:08

Патриотизм, киберспорт, технология: Онлайн марафонда қоғам үшін өзекті тақырыптар талқыланды

Референдум • Бүгін, 20:45

Референдумда дауыс бергендер саны 9 миллионнан асты

Референдум • Бүгін, 20:40

Түркияда білім алып жатқан қазақ жастары референдумға белсенді қатысты

Референдум • Бүгін, 20:30

Елімізде Конституция есімді қанша адам бар?

Ата заң • Бүгін, 20:20

Қазақстанда референдумға арналған сайлау учаскелері жабылды

Референдум • Бүгін, 20:10

Халықаралық ұйымдардың байқаушылары: Алғаш рет дауыс бергендер саны көп

Референдум • Бүгін, 20:03

Өңірлердегі байқаушылар: Референдум заң шеңберінде өтіп жатыр

Референдум • Бүгін, 19:59

Италиялық Азия институтының басшысы: Референдум өте жақсы ұйымдастырылды

Референдум • Бүгін, 19:55

Танымал қазақстандық стендап-комик Евгений Чебатков дауыс берді

Референдум • Бүгін, 19:38

Референдум-2026: 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

Референдум • Бүгін, 19:15

Тараз қаласында «Конституция» есімді тұрғын дауыс берді

Референдум • Бүгін, 19:02

Халықаралық байқаушылар: Адамдар референдумға жүрек қалауымен келді

Референдум • Бүгін, 18:45

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью