Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Атырау облысында патрульдік полиция қызметкерлері хал үстінде жатқан жаңа туған егіздерді шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесті.
Оқиға «Атырау — Орал» жолының 9-шақырымында орын алған. Кешкі сағат 21:30 шамасында Сарайшық ауылынан облыстық балалар ауруханасына қарай сәбилерді алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі жолда аяқ астынан бұзылып қалды.
Жедел жәрдем көлігінде дәрігерлердің көмегіне зәру жаңа туған егіздер бар еді. Уақыт создырудың қауіпті екенін түсінген медицина қызметкерлері сол маңнан өтіп бара жатқан патрульдік экипаждан көмек сұраған.
«Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері — полиция капитандары Сағынтай Мырзашев пен Нұрлыбек Бағытжанов бірден әрекетке көшті. Олар нәрестелерді, анасын және медицина қызметкерін қызметтік автокөлікке отырғызып алды. Тәртіп сақшылары арнайы дыбыстық және жарық сигналдарын (мигалка мен сирена) қосып, тез арада оларды аурухананың қабылдау бөліміне жеткізді», — деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір сәбилер дәрігерлердің сенімді бақылауында, оларға қажетті медициналық көмектің барлығы дер кезінде көрсетілді. Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында балалар аман-есен емін алып жатыр.
Бүгін, 09:10