Павел Дуров Amazon ға бәсекелес болатын платформасын таныстырды

01.12.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Confidential Compute Open Network платформасын іске қосты. Аталған платформа ақпарат іздеуде ЖИ мүмкіндіктерін қолданушылардың жеке деректері мен құпиясын 100% сақтауға кепілдік беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Blockchain Life 2025 / X

Павел Дуров  жаңа платформа Cocoon Amazon, Microsoft сынды жүйелерге балама бола алатынын атап өтті. Сондай-ақ желі Telegram-дағы сөйлемдерді автоматты түрде аударуға қатысты кей сұранысты өңдейтін болады.

«Желіні қолданушылар Microsoft немесе Amazon сияқты орталықтандырылған провайдерлерге қарағанда төмен бағамен есептеу ресурстарын пайдалана алады. Қазірдің өзінде арнайы веб-сайтты іске қостық. Желіні пайдаланушылар жеке деректерінің сақталуын өздері бақылай алады», деді Telegram мессенджерінің негізін қалаушысы.

Бизнесмен желіні пайдаланушылар қатарын арттыру мақсатында алдағы аптада Cocoon-ның функциялық мүмкіндіктерін арттыруды жоспарлап отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью