Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Астана - Павлодар автобанының бір бөлігі - Шідерті кенті маңындағы нашар жолдың мәселесі он жылға жуық айтылып келген еді. Жолдың бұл бөлігі асфальтпен көмкерілген. Жақын жердегі Бозшакөл кенішінің жүк көліктері бұл учаскені үнемі бүлдіріп, елордамен екі ортада жүретін көлік ағынына айтарлықтай кедергі келтіреді. Әсіресе 230-254 шақырым аралығы түнде жүрген уақытта қауіпті.
«ҚазАвтоЖол» АҚ Павлодар филиалы аталған жол бөлігінде жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлады.
- Жөндеу кезінде автобанның бір жақ бағыты уақытша жабылып, қозғалыс жолдың бір жағында ғана ұйымдастырылады. Сондықтан жүргізушілер мұқият болып, жөнделіп жатқан учаскеге жақындағанда жылдамдықты алдын ала азайтқан жөн. Уақытша белгілер мен таңбалар орнатылып, арнайы техника жұмыс істейтін болады. Жалпы ұзындығы 22,5 шақырым жол бөлігі жөнделеді, - деп мәлімдеді компаниядан.
Аталған шектеулер күзге дейін сақталады деп күтіліп отыр.
Еске сала кетейік, былтыр Павлодар - Астана бағытындағы ақылы автобан қатты ыстықтан бүлінген болатын.
Ал биыл қыста Астана-Павлодар автожолында жылдамдық шектелгеніне қарамастан көлік апаттары екі есе көбейген.