Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Жоба еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып, ауылдық аумақтарды қорғау жүйесінің маңызды бөлігіне айналды.
Фото: ТЖМАшылу рәсімінде сөз сөйлеген ведомство басшысы ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
Фото: ТЖМОның айтуынша ауылдық жерлерде «Ауыл құтқарушылары» желісін дамыту төтенше жағдайларға әрекет ету уақытын едәуір қысқартып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Фото: ТЖМФото: ТЖМ— Бұл «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өңірде құрылған жетінші бекет. Ол Қарасор, Құдайкөл және Құлакөл атты үш елді мекеннің жедел өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз етеді, онда шамамен 900 адам тұрады. Енді көмек бұрынғыдан да жақын болып, әрекет ету уақыты жеделдей түседі, — делінген хабарламада.
Еріктілер тәулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқарады.
Фото: ТЖМБөлімше барлық қажетті құралмен толық жарақталған: заманауи автоцистерна, өрт-техникалық жабдықтар, жауынгерлік киім-кешек және байланыс құралдары. Тұрмыстық аймақтар мен демалыс үй-жайлары қарастырылған.
Фото: ТЖМБұдан бұрын елімізде 163-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру пункті ашылғанын жазғанбыз.