Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ұлттық статистика бюросы Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, қаңтар айында пияздың құны 3,9% - ға төмендеген. Жаңа жылдық мерекелерден кейін қиярдың бағасы да түсіп, 3,7% - ға арзандады.
Ал картоптың бағасы 8,6% - ға, қырыққабат 8,1% - ға, сәбіз 3,9% - ға, алма 1,8% - ға өскен.
- Азық-түлік тауарлары тобында тауық жұмыртқасы 9,6% - ға, өсімдік майы мен сары май 1,8% - ға, макарон өнімдері - 1,7% - ға, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер - 0,9% - ға, балық пен теңіз өнімдерінің бағасы 0,1% - ға өскені байқалды. Алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдерінің бағасы 0,8% - ға өсті, - деп хабарлады департаменттен.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша айтар болсақ, бензиннің құны 3,8% - ға, тұрмыстық аспаптар 2,8% - ға өскен. Ақылы қызметтер саласында ұялы байланыс 8,7% - ға, жолаушылар көлігі қызметі 2% - ға қымбаттаған.
Бұған дейін Қазақстанда жылқы етінің бағасы қанша тұратынын жазғанбыз.