Павлодар облысында еріктілер форумы өтті

12.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Павлодар облысында еріктілердің алпысқа жуық ұйымы бар. Он мың адам қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.

Олар экологияны қорғау, әлеуметтік көмек, төтенше жағдайларда қолдау көрсету сияқты игі істердің басы-қасында жүреді. Ересектерден бөлек, оқушылар да қолынан келгенше атсалысады. Жалпы елде 800-дей волонтерлік ұйым тіркелген. Бүгін Павлодарда еріктілердің өңірлік форумы өтті. Іс-шарада волонтерлер үздік жобасын таныстырды. Мемлекет басшысының бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2026 жылды «Орнықты даму мақсаттарына арналған Халықаралық еріктілер жылы» - деп жариялағаны белгілі. Қазіргі таңда әлем бойынша бір миллиардтан астам адам волонтерлік қызметпен айналысады. 

Жарқынбек Амантай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Еріктілік деген бір қаржыны көздейтін немесе бір мүддені қуалайтын азаматтар емес, бұл елдің жанашырлары. Еріктілердің қатарын көбейту, сабақтастықты қалыптастыру, жастарды осы ерікті болуға тәрбиелеу бұл патриотизмге тәрбиелеудің жолы деп айтсақ болады. Сондықтан Мемлекет басшысы әр сөзінде қашанда осы еріктілердің позициясына, еріктілердің белсенділігіне баса мән беріп келе жатыр.

Әйгерім Түсіпбекова, «Жас ұлан» облыстық еріктілер қозғалысының үйлестірушісі:

- Жастар жасағы негізінен экологияны қорғауға ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар жалғыз ілікті қарттардың үйлерін жинастыру, ауласындағы қарын тазалау сияқты жұмыстармен арнайы топ айналысады. Бұдан бөлек, біздің қатарымызда сценарий жазатын жасөспірімдер бар. Солардың жазған сценарийлері негізінде біз интернаттар мен балалар үйлерінде Жаңа жылдық ертегі қойылымдарын өткіздік. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью