Павлодар облысында көлігіне жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

12.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Фото: Polisia.kz.

Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бәкібай Ахмедиянов атқарылған іс-шаралараға тоқталып өтті.

«Іс-шараның алғашқы күнінің өзінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 152 дерегін анықтады. Оның ішінде жалған нөмір орнатудың 2 фактісі және жалған нөмірмен көлік басқарудың 4 фактісі тіркелді. Сондай-ақ 21 жүргізуші оқылмайтын мемлекеттік нөмірмен жүрген, 6 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан, ал 9 адам көлікті мас күйінде басқарған. Әртүрлі құқықбұзушылықтар үшін 23 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды», дейді Бәкібай Ахмедиянов.

Жалған нөмір таққандар енді түрмеге жабыла ма? Депутат қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды

Polisia.kz мәліметінше, Еңбек ауылында патрульдік полиция қызметкерлері ВАЗ автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Тексеру барысында оның көлікті жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлігі мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Полиция жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалану – қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін ауыр құқық бұзушылық екенін еске салады.

Бұған дейін биыл қаңтар айында елімізде жалған нөмірмен жүрген 900-ден астам жүргізуші ұсталғаны туралы хабарлаған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью