Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Павлодар облысында дауыл салдарынан мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
26 сәуірде ауа райы нашарлап, желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жеткен. Екібастұз, Ақтоғай, Ертіс, Тереңкөл, Железин аудандарында 29 нысанның шатыры зақымданған. Дауылдан зардап шеккен нысандар – көппәтерлі және жеке тұрғын үйлер, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, әкімшілік ғимараттар, сауда нысандары.
"36 елді мекенде электр қуаты өшіп, облыстың 14 елді мекенінде 1009 абонент электрмен жабдықтаусыз қалады. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді департамент мамандары.
Айта кетері, дауылдан облыстың екі тұрғыны зардап шекті. Бірінің жағдайы ауыр, ауруханада жатыр.