Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 21 наурыз - Sputnik. Павлодар облысында өрттен бір отбасының үшінші баласы көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бала күйік салдарынан қайтыс болды. Ол қаңтар айынан бері жансақтау бөлімінде жатқан еді. Баланың жағдайы біртіндеп нашарлай берген. Дәрігерлер бар күш-жігерін салғанына қарамастан, баланы құтқару мүмкін болмады.
Еске сала кетейік, 15 қаңтарда Ертіс ауылында тұрғын үй өртеніп, бір отбасының 4 баласы зардап шекті. Екеуі оқиға орнында көз жұмды. Үшінші бала облыстық балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде жатқан болатын.