Павлодар облысында су айдындарын бақылау күшейтілді

30.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Павлодар облысының құтқарушылары су айдындарында бақылауды күшейтті.

Жыл басынан бері дауылды ескертуді елемеген балықшылар екі рет суға кете жаздады. Бір жағдайда көлік қар құрсауында қалды, екінші оқиғада мұз ойылып кетті. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметінің мамандары күрделі учаскелерге әуе қайығымен барады. Жаңа көлік су бетімен де, мұз үстімен де, батпақты аумақта да жылдам қозғалып, оқиға орнына қысқа уақытта жетеді. Рейд кезінде мамандар тұрғындарға қыс мезгілінде су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау ережелерін түсіндірді. Қазір өзендегі мұздың қалыңдығы 55 сантиметрге жетті. Бірақ Ертістің негізгі ағысы әлі қатқан жоқ.

Тілекжан Галямов, қалалық ТЖБ бастығының орынбасары:

- Мұз тұрақталғаннан кейін қараша айынан бастап осы рейд жұмыстарын күшейттік. Осы мезгілден бүгінгі күнге дейін әкімшілік жауапкершілікке жеті адам жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 412-бабы бойына сәйкес жеті АЕК–ке дейін айыппұл көзделген. Басты мақсатымыз осы су айдынында, балықшылар арасында, демалушылар арасында төтенше жағдайдың алдын алу.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью