Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Павлодар облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы өтті.
Жол қозғалысын бақылауға 500-ге жуық құқық қорғау қызметкері жұмылдырылды. Жалпы жыл басынан бері өңірде 11 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Соның ішінде жылдамдықты асырудың 5 мыңға жуық дерегі анықталды. Ал жолды белгіленбеген жерден өткен 262 адамға әкімшілік айыппұл салынды. Былтыр жол-көлік оқиғасы салдарынан 81 адам опат болды.
Бейбіт Төлемісов, ПД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:
- Облысымыздың аумағында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен 1,5 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзышылықты анықтады. Оның ішінде ең басты бұзушылықтардың бірі - автокөліктерді мас күйде басқару және де басқару құқығынан айырылған жүргізушілер анықталған болатын.