Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Фото: Ашық дереккөз
Комиссия құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сондай-ақ Павлодар облысы әкімдігінің өкілдері кірді.
Комиссияға оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті зерделеу, жазатайым оқиғаның себептерін анықтау және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу жөнінде нақты шаралар әзірлеу тапсырылды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккен азаматқа мемлекеттік органдар мен жұмыс беруші тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі. Жұмыс беруші материалдық көмек көрсетуді, қаза тапқан қызметкерлердің жалақысы мөлшеріндегі төлемдерді жыл соңына дейін сақтауды, сондай-ақ олардың несие міндеттемелерін өтеуді өз мойнына алды. Бұдан бөлек, компания қаза тапқан қызметкерлердің кәмелетке толмаған балаларын кәмелеттік жасқа толғанға дейін асырау мен оқуына байланысты шығындарын толық өтемек.
Сала министрі Асқарбек Ертаев Павлодар облысына барып, оқиға орнындағы жағдаймен танысып, өңір басшылығының, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен үйлестіру кеңесін өткізді.
Министр қаза тапқандардың туыстарымен де кездесіп, оларға көңіл айтып, мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысы Үкіметтің бақылауында болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды қаласында құдыққа түскен екі жұмысшы жазатайым оқиға салдарынан көз жұмған еді.