Павлодар облысының 20 мың оқушысы Қара жорға биледі

21.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«Би - жүректің үні, ұлттың рухы» атты флешмоб аясында оқушылар «Қара жорға» биін бір мезетте билеп, көрермендерге әсерлі көрініс сыйлады.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Көктемнің шуақты күнімен астасқан бұл көрініс көрермен жүрегіне жылылық ұялатып, Наурыз мерекесінің мәнін тереңдете түсті.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі Фото: Оқу-ағарту министрлігі Фото: Оқу-ағарту министрлігі

«Қара жорға» - би ғана емес, ғасырлар қойнауынан жеткен мәдени мұра, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан рухани сабақтастықтың символы. Флешмоб арқылы жас буын ұлттық құндылықтарға деген құрметін білдіріп қана қоймай, ортақ дәстүр аясында біріге алатындарын көрсетті. Бұл игі бастама -жастардың бойында отансүйгіштік сезімді нығайтып, ұлттық мәдениетті дәріптеудің жарқын үлгісі болды.

Айта кетелік жарты миллион қазақстандық бала бір мезгілде көпшілікке танымал күйлерді орындаған еді

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью