Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Асылбек Амантайұлы 1993 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 2015 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2022 жылы Қазақ технология және бизнес университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2026 жылы SDU университетінде менеджмент магистрі дәрежесін алды.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2016 жылы бастаған. 2016-2019 жылдары бейінді комитеттер мен министрліктерде сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарып, электрондық үкімет пен мемлекеттік қызметтерді дамыту бағытында қызмет атқарды. 2019-2021 жылдары цифрлық даму және экология министрліктерінде басшылық лауазымдарды атқарды. 2021-2024 жылдары цифрлық трансформация департаменті директорының орынбасары болды. 2024-2025 жылдары өнеркәсіп және құрылыс, сондай-ақ цифрлық даму министрліктерінде департамент директоры қызметін атқарды.
2025 жылдан бастап осы қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министрі қызметін атқарды.
Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалғаны белгілі болды.