Павлодар Омбы тас жолында екі көліктің жүргізушісі қаза болды

27.12.2025

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысында бетпе-бет соқтығысқан екі көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы жол апаты бүгін "Павлодар-Омбы" тас жолында Бобровка ауылына жақын жерде болған.

"Toyota Vitz маркалы көліктің жүргізушісі көктайғақта рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен. Сол жерде Hyundai Accent-пен бетпе-бет соқтығысқан. Екі жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде оқиғаның мән-жайы анықталады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью