Павлодар өңірінде 14 мыңнан астам адам онкологиялық ауруларға шалдыққан

04.02.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ертіс-Баян өңірінде қатерлі дертке шалдыққандар қатары азаяр емес. Облыстық онкологиялық диспансердің есебінде 14 мыңнан астам адам тұр.

- Сүт безінің, тоқ ішек пен тік ішектің қатерлі ісігіне шалдыққандар көп. Өкпе мен асқазан обыры да айтарлықтай алаңдатады. Дертпен күресудің ең тиімді жолы - оны ерте анықтаудың амалдарын күшейту. Былтыр онкологиялық сырқатты ерте анықтау ісінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. 33 науқас бірінші сатыда анықталды. Сонымен қатар, қатерлі ісіктің себебінен болатын өлім саны да жылдан-жылға азайып келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 9 пайыз болды. Бес жылдық өмір сүру көрсеткіші де артты, - дейді өңірлік онкологиялық диспансер басшысының орынбасары Әсел Асқарова.

Былтыр аталған диспансерде 10 мың адам қаралып, 1600 ота жасалған.

Еске сала кетейік, ШҚО-да 2500-ден астам адамнан онкологиялық ауру анықталды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью