Павлодар өңірінде 200 ден астам адам ағзасын ауыстыруға мұқтаж

28.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Павлодар облысы бойынша трансплантация жөніндегі үйлестіруші Дмитрий Потеребухтың айтуынша, бүгінде еліміз бойынша ағза алмастыру кезегінде (күту парағында) 4,5 мыңға жуық адам тұр. Олардың 3,9 мыңнан астамы — бүйрек алмастыруды қажет ететін реципиенттер. Егер 2024 жылы республикада қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың небәрі 6 жағдайы тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3 есе артқан. Дейтұрғанмен трансплантолог маман бұл көрсеткіш әлі де болсын аз екенін айтады.

— Тек біздің өңіріміз бойынша трансплантацияға мұқтаж 213 пациент бар. 193 адамның бүйрегін, 10 адамның бауырын, 3 адамның жүрегін ауыстыру қажет. Тағы бір адам жаңа өкпеге зәру. Аймақта жалпы саны 510 адам өлімнен кейінгі донорлыққа келісім берген. Алайда былтыр 15 әлеуетті донордың біреуі ғана донор бола алды. Қалған жағдайда марқұмдардың туыстары келісім бермеді, — дейді ол.

Оның сөзінше, Қазақстанда трансплантология жақсы дамып келеді. Жоғары білікті мамандар бар, қажетті жабдықтармен қамтылған, асқыну қаупі минималды. eGov порталында қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты ерік білдіру бөлімі бар. Оны 145 мыңнан астам адам пайдаланып, 12,6 мың адам келісім берген.

Еске сала кетейік, Алматы облысында донор бірнеше адамның өмірін құтқарып қалды

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью