Павлодар өңірінде референдумда шамамен 500 мың адам дауыс беру құқығына ие

04.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Облыстық аумақтық референдум комиссиясы әрбір қала мен ауданда Call-орталықтар іске қосылғанын хабарлады. Сондай-ақ, жалпыреспубликалық gov.kz/referendum, referendum2026.gov.kz/ru, referendum.gov.kz/ru сайттары мен Telegram-бот жұмыс істеп тұр.
Өңірде пәтерлерді аралап, шақыру қағаздарын тарату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар барлық тұрғындарға бірдей жету мүмкін болмай жатқанын айтады. Аймақта жалпы саны 500 мыңға жуық дауыс беруші бар. 535 комиссия құрылып, оларда 3 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр.

— Облыс бойынша шамамен 900 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Референдумға бөлінген бұл қаржының 85%-ы — барлық деңгейдегі комиссия мүшелерінің еңбекақысы. Қалған бөлігі біз дайындайтын материалдарға жұмсалады, — деп түсіндірді Павлодар облыстық референдум комиссиясының төрағасы Гүлнар Аманжолова.

Бұған дейін Референдумның бекіту куәлігін қалай алуға болатынын жазғанбыз. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью