Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Аталған ұйымға қарасты 6 орманшылық бар. Инспекторлар жабайы жануарларға ғана емес, құстар мен балықтарға да қамқорлық жасайды.
Фото: Аждар ЖүсіповФото: Аждар Жүсіпов– Ертіс өзенінің жайылмаларында жем-шөп пен тұз салатын оттықтар құрылған. Инспекторлардың күшімен шамамен 80 азық орны, құстарға арнап 40 үйшік жасалды. Жануарларды азықтандыру үшін 3,5 тоннадан астам шөп пен дәнді дақыл жармалары, 180 килограм тұз дайындалған еді. Орманшылар соларды белгіленген жерлерге жеткізіп, сеуіп жатыр, — деп хабарлады Kazinform тілшісіне Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов.
Балықтар да орманшылардың қамқорлығында. Шағын су қоймаларындағы балықтарды оттегімен қамтамасыз ету үшін инспекторлар аэрация жүргізеді. Ойықтар бұрғылап, оған қамыс қояды. Осындай қарапайым әдіс арқылы суға оттегі араласады.
Фото: Аждар ЖүсіповФото: Аждар Жүсіпов— Су айдындарындағы мұздың қалыңдығы бүгінде 40 сантиметрге жетіп тұр. Мұндай қалыңдықтағы мұз оттегіні өткізбейді. Салдарынан су астындағы жануарлар әлемі қыста қырылып қалуы ықтимал. Аэрациялық тәсіл арқылы көптеген су айдынындағы балық шаруашылығын аман сақтап отырмыз, — деп қосты Аждар Жүсіпов.
Биыл қыста еліктер Павлодар қаласына жиі кіріп жүр. Өзен маңайындағы жайылмаларды мекендейтін жануарлар кейбір сәтте қала көшелерін кезіп, азық іздейтінге ұқсайды. Орманды жерлердің көбінде қар қалың, еліктердің тебіндеп жайылуына қиындық тудырып тұр.
Фото: Аждар ЖүсіповБұған дейін Ертіс орманында емін-еркін жайылып жүрген еліктер көзге түскенін жазғанбыз.
Ал Баянауылда қалың қарға омбыққан бұлан бейнетаспаға түсіп қалды.