Павлодар полицейлері соңғы тәулікте 400 ден аса көлікті сүйемелдеді

12.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Павлодар полицейлері кешеден бері ақ түтек бораннан республикалық жолдарда тұрып қалған 400-ден астам автокөлікті қауіпсіз түрде сүйемелдеуді қамтамасыз етті. Іс-шараның негізгі мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қозғалысты реттеу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

Қысқы кезеңдегі күрделі жол жағдайын ескере отырып, полиция қызметкерлері жол бойындағы тәртіпті қатаң бақылауда ұстап, қозғалыстың үздіксіз әрі қауіпсіз өтуіне жағдай жасады.

— Бүгін, жолдарда жиналған көліктерді сүйемелдеу үшін патрульдік полиция бөлімшелері ұйымдастырылды. Көліктерді колоннаға жинаған уақытта полицейлер жүргізушілерге колоннада жүру ережелерін, белгіленген жылдамдық режимін және арақашықтық сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді. Патрульдік полицейлер жол бойындағы қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуді жалғастырады, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының командирі Әсет Рыспаев.

Полицейлер барлық жүргізушіні аса сақ болуға және көлікті алдын ала дайындауға шақырады. Шиналардың, тежегіш жүйесінің, техникалық сұйықтық деңгейінің және қажетті қысқы жабдықтардың жағдайын тексеру маңызды. 

Алдағы күндері облыс аумағында ауа райы нашарлай түседі деген болжам бар.

Еске сала кетейік, Қарағанды полицейлері күрекпен құм сеуіп, жүздеген жүк көлігіне жол ашқаны белгілі болды. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью